Каскор-Машзавод
121 subscribers
2.46K photos
342 videos
39 files
438 links
Download Telegram
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Жаңаөзенде сорғы-компрессорлық құбырлар және сорғы штангаларын шығаратын зауыт ашылады

Маңғыстауда "KazPetroDrilling" АҚ компаниясының 17 млрд теңгеден астам инвестиция бөлуімен сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыт ашылады. Жаңаөзен қаласында бой көтеретін өндірісті 2024 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл жоба Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев пен "KazPetroDrilling" АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов қол қойған меморандум аясында жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбырлар мен 540 мың сорғы штангаларын шығаруға жететін болады. Жобаның құрылыс кезінде 150-ден астам жұмыс орны және пайдалануға берілгеннен кейін 330 жұмыс орны құрылады.

"KazPetroDrilling" АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов бұл жобаның маңыздылығын, оны іске асыру импорт алмасу және өңірлік кадрларды дамыту сияқты маңызды мәселелерді шешуге көмектесетінін атап өтті.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Фотографии Спартакиады.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Қазан айының 3-жұлдызында Жаңаөзен қаласында қос мерейтойға арналған үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Жаңаөзен қаласының 55 жылдығы және "Алға" мүгедектер спорт клубының құрылғанына 30 жыл толуына орай волейбол жарысы өткізілді. Аталған іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов мырзалар қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді.
Бұл жарыстың басты ерекшелігі - Холдинг пен еншілес компаниялар басшылары мүмкіндігі шектеулі жандармен бірлесіп ойнады. Дәлірек айтқанда, "КазПетроДриллинг" АҚ вице-президенті Ербол Айтуов, "ТрубРемЦентр"ЖШС Бас директоры Жандос Ғазиз және "КазПетроДриллинг" АҚ қаржы менеджері Темірлан Станбаев секілді азаматтар қол арбаға таңылған спортшылармен бірге өнер көрсетті.
Мүгедек спортшыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған спорттық шара көпшіліктің көңілінен шықты.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Маңғыстау облысы бойынша "KazPetroDrilling” АҚ вице-президенті қызметі лауазымына Ербол Әбдіәшімұлы Айтуов тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайырбек Сағынбайұлы өзіне жүктелген қызметті абыроймен атқарып, зейнеткерлік демалысына шықты.
Forwarded from MunaiFieldService
24 сәуірде Маңғыстау облысында өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыттың болашақ негізіне капсула қаланды.

Капсула салу рәсіміне "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев , "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай, Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев, "KazPetroDrilling" АҚ Маңғыстау облысы бойынша вице-президенті Ербол Айтуов, "Каскор-Машзавод" ЖШС бас директоры Болат Арқаров қатысқан.